jasqazaq.kz

Жылқы ұрлығына шенеуніктің қатысы бар ма? (видео)

16 қазан 2019, 10:16

Барымташы шенеунік! Жылқы ұрлығына Қорғаныс министрлігі қызметкерінің қатысы болуы мүмкін. Ақмолалық полицейлер Нұрсұлтан қаласы маңынан өлексесі табылған 46 бас жылқыны ұрлағандарды қолға түсірді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жанат Жылқыбаев, Ақмола облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

— Күдіктілер ұрланған жылқыны Аршалыдан Елорданың Көктал шағын ауданына апаруға МАН жүк көлігіне артқан. Жанжағы бітеу көлікте мұншама мал шыдамаса керек, тұншығып өлген. Сасқанынан өлекселерді лақтырып кеткен.

Күдіктінің бірі 26 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны да, екіншісі 41 жастағы министрлік қызметкері екен. Ол Қорғаныс министрлігінде дардай бөлім бастығы болған. Жылқы ұрлады деген күдікке іліккен қызметкер осыдан бір апта бұрын ғана министрліктен қуылыпты. Елорда маңынан 28 бас жылқының өлексесі табылған еді. Малынан айрылған ерейментаулық кәсіпкердің арызы бойынша полиция тексерісі кезінде тағы 18 өлексе Қоянды ауылының маңынан табылды. Қазір екі күдіктіні Ерейментау аудандық соты екі айға абақтыға жапты. Олардың 150 шақырым жерді еш кедергісіз өтуіне министрлік қызметкері беделін салса керек. Ол джип көлігімен алда жүріп отырған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда