jasqazaq.kz

Жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ құрықталды

27 желтоқсан 2021, 11:10

Қызылорда облысында жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсан Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне арызданған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш бас жылқыны ұрлап, етін Қазалы ауданы мен Төретам кенті, Ақай елді мекенінің тұрғындарына сатқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Қазалы ауданы мен Ақай ауылының тұрғындары болып шықты. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер Қазалы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айғақ зат ретінде 16-шы калибрлі бір дана аңшы мылтығы, ет өнімдері және УАЗ-3163 Patriot автокөлігі тәркіленді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр