jasqazaq.kz

Жұлдызай Дүйсенбиева: Жалғыз қызымды Алладан сұрап алдым

31 шiлде 2018, 16:35

Алғашқы перзентін Алладан тілеп алған Жұлдызай Дүйсенбиева тағы да декреттік демалысқа шығуды ойлап жүр. Бұл орайда актриса есейіп қалған қызының тәтті қылықтары жайлы айтып берді.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Қызым тәтті болып бара жатыр, суретші болатын сияқты. Үйдегі бір қабырғаны сол кісіге арнадық. Дәптерге, альбомға салмайды, бірден қабырғаға саламын дейді.

Неге екенін білмеймін, қызымның тілі орысша шықты. Түстердің барлығын ағылшынша айтады. Қазақша “қызыл сөмкеде жатыр” десең түсінбейді, “red сөмке” деп айтатын болдық. Бір тәттісі: “Мама, не оставляй меня. Вчера тебя не было, я упала”, – дейді. Жүрегім ауырып кетті. “Әлди-әлди” деп әндетіп жүр, жақсылыққа балап отырмыз. Біржола декретке шығып, қайта оралсам деп тұрмын”, – дейді Жұлдызай.

Дүйсенбиева перзенттерінің көп болғанын қалайды. Дегенмен, қанша бала дүниеге әкелсем де, тұңғышымның орны бір төбе, деп ағынан жарылды актриса.

“Баланың көп болғаны жақсы ғой, қызымның жалғыз болғанын қалаймын. Бірақ Аянаттың орны бәрібір ерекше. Өйткені ол менің тұла бойым тұңғышым, Алладан сұрап алған қызым.

Қызым 5-6 жасқа келген кезде, есінде қалатындай шаққа келген кезде шетелге апарсам деп отырмын. Қызымның өскенін күтіп жүрмін. Сол кезде әкесімен бірге қыдырармыз”, – дейді Жұлдызай.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді