jasqazaq.kz

Жұлдыз болғың келе ме? (Видео)

29 шiлде 2022, 16:42

«Алматы» телеарнасы «Менің бапкерім» телехикаясының екінші маусымын түсіреді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен жылы «Алматы» телеарнасында «Менің бапкерім» жастар сериалы көрсетілді. Фильмде жарақат алған «Қайрат» командасының экс-футболшысының өмірі суреттеледі. Кездескен қиындыққа қарамастан басты рөлді сомдайтын жігіт ауыр жарақатынан кейін араға 10 жыл салып, спорт мектебіне бапкер болып келеді. Оның өмірінде ұзақ уақыттық үзілістен кейін жаңа өмір басталады.

Ал оқиға бұдан әрі қалай дамиды? Әзірге құпия.

Анығы жоба продюсерлері фильмнің жалғасын түсіруді ұйғарды. Телехикаяға 17-20 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Кастинг 2022 жылдың 1-20 тамыз аралығында өтеді.

Аталмыш сериалдың екінші маусымының түсіріліміне қатысқысы келетіндер фотосуреттерін filmmakers.kzt@gmail.com электронды поштасына жіберулерін сұраймыз.

Айта кетейік, «Менің бапкерім» телехикаяның басты мақсаты – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын дәріптеу.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр