jasqazaq.kz

Жылдың үздік ақындары марапатталды (Видео)

22 желтоқсан 2021, 16:36

Өлең жырларымен халықтың жүрегінен орын алып, жүзден жүйрік шыққан бір топ ақындар бүгін Ұлттық кітапхананың жиылыс залында салтанатпен марапатталды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасына еліміздің әр аймағынан қатысқан ақындар арасынан іріктелініп алғанынғандар думанды шараға түгел жиналған екен. Бұл аламанда озық келген ақиық ақындар бас демеуші, қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Ислам Әлмақанұлы Әбішев мырзаның тікелей қолдауымен ақшалай сыйлықтармен бірге құрмет граматоларымен марапатталды. Жуықта Қазақстан Жазушылар Одағының жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қорының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағының хатшысы Қасымхан Бегмановтың осы мүшәйраны ұйымдастыруда қосқан үлесін айта кетсек орынды болар. Негізі сайдың тасындай сара шыққан поэзия дүлділдерін сараптап алу Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған қазылар алқасына оңай болмаса керек.

Дегеніменде оқырмандарын орамды жырларымен баурап алып, суырылып алға шыққандардың есімдері анықталған еді. Кеш тізгінін қолына алған Жазушылар Одағы төрғасының орынбасары, ақын Бақыт Бәделхан сөз арасында ақындардың жырларынан тілге тамызық етіп өлең оқысы, кейде ойнақы әрі жарасымды әзілдерімен көптің көңілін көтеріп отырды. Шара барысында қаламы жүйрік, жыры ерек ақындар тиеселі марапаттарын алып мәз-мейрам болып жатты. Топжарған ақындарға сонымен қатар, президенттің қолы қойылған арнайы ордень, медальдары табыс етілді. Оларды Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек,белгілі ақын Бауыржан Жақып, Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы Дәурен Қуат сынды танымал қаламгерлер сахна төрінде құрметпен табыстады.

Мен де » Ер намысы «- Ерболат Алиядинов басшылық ететін республикалық қоғамдық қордың атынан «Ұлы дала батыры» орденін елімізге белгілі қоғам қайраткері, қазақ күресін әлем аренасына алып шыққан атпал азамат, айшықты тұлға, ұлттық күресіміздің жанашыры Ислам Әлмақанұлы Әбішевке көп алдында зор құрметпен құттықтап табыс еттім. Ия, Ел эканомикасын соның ішінде су шаруашылығын дамытуда мыңдаған миллиондарды үнемдеп, халық үшін ерен еңбек еткен ардақты ағамыз бұл марапатқа толықтай лайық деп білеміз. Хош сонымен, 2021 жылдың үздік ақындары толықтай марапатталып, шабыт берер шара шегіне жетті. Ия, ақын, жазушылар үшін бұл алған атақ, мақтаулар шығармашылықтарына серпін беріп шабыттандыра түсетінінде дау жоқ. Қаламдарыңыз ұштала берсін поэзияның ақберен ақындары демекпін.

Ақын Ордабайұлы

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр