
Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған сәт видеоға түсірілді.
Видеотіркегіш мопед жүргізушісі оң жақта тұрған көліктің артынан жоғары жылдамдықпен қалай соқтығысқанын түсіріп алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 30 шілдеде сағат 11:50 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.
«Жүргізуші Н. Қытайда жасалған мопедті мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеп, әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қашықты сақтамаған. Осылайша, Mitsubishi маркалы көлігіне соқтығысқан», — деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
«Оқиға салдарынан мопедші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бұл деректі Бостандық ауданының ПБ тексереді», — деп қосты Шәріпов.
Tengrinews.kz