jasqazaq.kz

Жыл сайын кәмелетке толмаған 5 мың қыз жүкті болып қалады

19 қазан 2018, 13:06

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жастар арасында өз-өзіне қол жұмсайтындар саны азайып келе жатқанын мәлім етті.

«Статистика бойынша әлемде жыл сайын 18 жасқа дейін ерте ана атанған 15 миллион қыз тіркеледі. Оның ішінде 40 пайыздан астамы түсік жасатады. Бізде жыл сайын осындай жағдайға 15-18 жас аралығындағы 5 мыңнан астам қыз тап болады», — деді министр елордадағы «Инвестиция — жастарға. Ешкімді тыс қалдырмайық» халықаралық конференциясында. Сонымен қатар, Дархан Кәлетаев әлемдегі және Қазақстандағы жастар арасындағы суицид мәселесіне тоқталды. «Дүниежүжілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын 67 мыңға жуық жасөспірім өзіне зақым келтіру салдарынан көз жұмады. Суицид жасөспірімдер арасындағы өлім-жітім бойынша алдыңғы орындағы себептердің бірі болып отыр. Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 14-тен 28 жасқа дейінгілер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары азайып келеді. Яғни 2015 жылдағы 970-тен 2017 жылы 818-ге дейін төмендеді. Дегенмен де бұл көрсеткіш әлі де жоғары», — деді ведомство басшысы. Министр бүгінде жастар мен олардың мүдделеріне мемлекет саясатында ерекше көңіл бөлініп тұрғанын атап өтті. Елімізде Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеті жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ барлық өңірлерде өкілетті меморгандар жасақталған. Екі күнге жалғасатын халықаралық конференция барысында жастарды қолдауға арналған ұсыныстар әзірленеді. Шараға 35 елден жүзден астам шетелдік мейман қатысуда. Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, сарапшылар мен жастар ұйымдарының өкілдері атсалысып жатыр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді