jasqazaq.kz

Жыл сайын 1300 жасөспірім қыз түсік жасатады

27 ақпан 2020, 16:30

Елімізде жыл сайын 5 мыңға жуық жасөспірім қыз жүкті болады. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

«Бұл мәселемен біз үкіметтік емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен бірлесіп айналысып жатырмыз. БҰҰ-да көмектеседі. Олардың деректеріне сәйкес, 16-18 жас аралығында жасөспірім қыздардың жүкті болуының 4 800-5 000 дерегін тіркейміз. Өкінішке қарай, ерте жыныстық өмірге араласу фактілері бар. Бұған қоса, жыл сайын шамамен дәл осы санаттағы тұрғындардың 1200-1300 түсік жасатуы тіркеледі. Әрине, олардың барлығы да медициналық көрсетілім мен қарсы көрсетілімге сай қауіпсіз жағдайда, қорғалған түрде жүргізіледі», — деді ол. Оның айтуынша, түсік жасату заңды түрде жүргізілуі қажет. Дәрігерлер мұндай жағдайды бақылауында ұстап отыруы тиіс. «Жүкті қызды учаскелік дәрігер немесе емханалардың жанынан құрылатын Жасөспірімдер денсаулығы орталығының дәрігері мұндай шешімді ата-анасының қабылдауына көндіру қажет. Олар неге және қандай қаупі бар екендігін түсіндіруі тиіс. Медициналық мекемеден тыс жағдайда жүктілікті үзу өте қауіпті. Қыздар денсаулығына нұқсан келтірумен қатар, болашақта ана болу құқығынан, тіпті өмірлерінен айырылуы мүмкін. Мұндай проблема бар және оған көз жұма қарауға болмайды. Кейбіреулер мұны мектептің емес, ата-ананың мәселесі екендігін айтады. Алайда, өкінішке қарай ата-аналардың барлығы бұл жағдайды жете түсіне бермейді. Сондықтан біз кодекске мектептерге нақты жауапкершілік жүктеп, бағдарлама жүргізуді ұсындық. Сөз репродуктивті денсаулықты қорғау жайында болып отыр», — деді Елжан Біртанов.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия