jasqazaq.kz

Жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам оралман мәртебесін алды

25 маусым 2020, 13:05

Осы жылдың 5 айында 6,3 мың этникалық қазақ оралман мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуі кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар-24».

Еңбек министрі 1991 жылдан бері 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі оралман мәртебесін алғанын, бұл еліміздегі халықтың 6%-ын құрайтынын атап өтті.

«Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша Республикамызға 3245 отбасы (6 361 этникалық қазақ) көшіп келді, оралмандар мен қоныс аударушылардан тұратын 631 отбасы (2 224 адам) қабылдау өңірлерінде (Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары) орналасты», – дейді Біржан Нұрымбетов.
Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойғанын мысалға келтірді. Онда келесі жаңа ережелер көзделген:

— «қандас» түсінігінің жаңа нұсқасы. Оған сәйкес этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмағандығы басты өлшем болып табылады;

— жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін алты айдан аспайтын мерзімге, бір рет жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында ұзартуы;

— атажұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азаматтығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығы болуы.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия