jasqazaq.kz

Жүкті келіншек үйінде босанды

18 ақпан 2021, 14:02

Дәрігерлер боранға байланысты перзентханаға жеткізе алмаған Никельтау ауылының тұрғынын үйінде босандырып алды.

Ақтөбеде боран салдарына бірнеше жол жабылып, арнайы қызмет үздіксіз жұмысқа көшті. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды тазартуға 200-ден астам техника жұмылдырылды. Ақтөбе облыстық ТЖД-нің жеке құрамынан 280 қызметкер және 83 арнайы техника құтқару және көмек көрсету үшін дайындалды. Өткен тәулікте Ақтөбе облысының аумағында 2 шақыру түсті.

«Байғанин ауданында ауыл тұрғыны мал іздеп кетіп, хабар-ошарсыз қалған. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Жыңғылды тоғай ауылынан 20 шақырым қашықтықта әкесі мен баласы табылды. Тұрғындарды іздестіру жұмыстары кезінде құтқарушылар тас жолда Ақтау қаласының тұрғынына да көмектесті. Оны жақын маңдағы кемпингке дейін жеткізді. Ақтаулық азаматтың көлігі бұзылып қалған. Сонымен бірге Никельтау ауылында тұратын жүкті әйелді Хромтау ауданының ауруханасына жеткізу қажет болды. Хабарлама түскен бойда , облыстық ТЖД-нен 4 адам және техника жіберілді. Құтқарушылар мен дәрігерлер шақыру орнына жетіп, жүкті әйелді үй жағдайында босандырып алды. Қазір анасы мен қызының жағдайы жақсы. Оларды Хромтау аудандық орталық ауруханасына тасымалдау жұмысы жүргізіліп жатыр», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты