jasqazaq.kz

Жүкті келіншек екі рет жүрегі тоқтап, аман қалды

29 мамыр 2021, 12:26

Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасы қызметкерлері екі рет жүрегі тоқтап қалған жүкті келіншектің өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

37 жастағы жүкті әйелі Ақсу қаласының ауылдық аймағы Еңбек ауылында тұрады. Бірнеше күн бойы жөтел, қақырық, әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы, мерзімді тахикардия мазалаған соң ауыл тұрғыны халықтық емдеу әдістерімен емделген. Тек демікпе пайда болған кезде ғана ауруханаға жүгінген. Сол жерде қан қысымының төмендегені және сатурация көрсеткішінде қауіп бар екені анықталған.

“Оны шұғыл түрде Павлодар қаласының №1 ауруханасының инфекциялық стационарына жеткізді. Қабылдау сәтінен бастап жеті минуттан кейін жүрек қызметі тоқтап қалды, бірақ дәрігерлер бес минуттан кейін жүрек ырғағын қалпына келтіре алды”, – дейді облыстық кардиологиялық орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Мұрат Райханов

Компьютерлік томография пневмония диагнозын растамады. Дегенмен жүректің ультрадыбыстық зерттеуі митральды қақпақшаның патологиясын, митральды қақпақшаның алдыңғы қақпағының үзілгенін, 3-4 дәрежелі митральды қақпақшаның жеткіліксіздігін көрсетті, бұл жедел тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігіне әкелді.

Дәрігерлер әйелді шұғыл түрде кардиологиялық орталыққа апаруды шешкен.

“Қысым 50-60, төмен сатурация, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, комаға түскен және өкпе ісінуі. Науқас сондай жағдайда болды.Ол өлім аузында жатты, науқасты осындай ауыр жағдайда тасымалдау қауіпті болды. Тасымалдау алдында ауыстыра бастаған кезде жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралардың 20-минутында жүрегі соға бастады, қысым мен сатурация біртіндеп жоғарылады. Біз сиренамен кардиология орталығына бет алдық. Жолда хирургтар ескертілді. Жүкті әйел жолда өліп кетуі мүмкін деп ойлауға уақыт болмады. Бар ойым — оны аман алып қалу еді”, – дейді деді кардиоорталықтың анестезиология бөлімінің меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас анестезиологы Инна Гловацкая.

Мұрат Райхановтың айтуынша, техникалық тұрғыдан операция ауыр болмаған, бұл ауруханада мұндай операция көптен бері жасалады. Пациенттің клиникалық өлім жағдайында жатқаны және жүкті болуы жағдайды қиындатты.

“Біз әйелдің қандай жағдайда әкелінетінін білдік, операциялық бөлмені тез арада дайындап, келіп түскеннен кейін бірден жасанды қанайналымды қосу арқылы операцияны бастадық. Бұл оның өмірін сақтауға көмектесті. Бірақ хирургиялық араласудан кейін де жасанды қан айналымынан шыққан кезде жүрек қызметі қалпына келмеді, реанимациялық шаралардың ұзаққа созылуына байланысты жүрек әлсіреп қалды”, – дейді Райханов.

Науқас экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратына қосылды. Мұндай жабдық тек кардио орталықта ғана бар, ол жүрек пен өкпені қалпына келтіурге көмектеседі. Павлодарлық дәрігерлер екі рет жүрек ұстамасынан кейін әйел адамның миы тіршілікті тоқтатуы мүмкін деген қауіппен елордалық неврологтармен бірнеше консилиум өткізді.

Операциядан кейінгі сегізінші күні ғана науқас есін жинай бастады. Қазір ол өзіне келді, өздігінен дем алады, сүйемелдеумен тұрып, палатада жүре алады.

Реанимациялық шаралар кесірінен келіншек түсік тастады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде