jasqazaq.kz

Жүкті әйелді әкеле жатқан медициналық көлік далада қалды

23 қантар 2020, 12:05

Павлодар облысының Екібастұз қаласы маңында жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«23 қаңтар күні, сағат 04.00-де Екібастұз құтқарушылар пультіне Шідерті кентінен 20 шақырым жерде, республикалық тасжолда Төртқұдық ауылынан шыққан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабарланды. Жедел жәрдем көлігінде жүкті әйел болған (жүктіліктің 40-аптасы)», — деп мәлім етті журналистерге Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағынан.

Оқиға орнына Екібастұз құтқару жасағының екі маманы «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен аттанған.

«Құтқарушылармен бірге қаладан екінші жедел жәрдем көлігі жолға шыққан. Бірақ бұл көлік те қаладан 15 шақырым жерде қарға батып қалған. Құтқарушылар медициналық қызметкерлерді (екі адам) өздерімен алып кетіп, толғағы қысқан әйелге барған және қар құрсауында қалған көліктегі екі адамды (жүкті әйелді күйеуімен) алып кетті», — деді ТЖД-дан.

06.36-да оларды Екібастұз қаласынан 15 шақырым қашықтықта күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне отырғызды. Толғағы қысқан әйел ауруханаға уақытылы жеткізілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде