jasqazaq.kz

Жүкті әйелдерге – 425 мың теңге: Министр жауап берді

02 сәуiр 2019, 14:49

Жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға 425 мың теңге төленуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасына осындай норма енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов егер заң жобасына енгізілген өзгертулер қабылданса, онда жүкті әйелдерге 425 мың теңге төленетінін растады. Бірақ бәріне бірдей емес, тек жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға ғана.

Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заң жобасында жүкті әйелдерге ең төменгі жалақының он еселенген мөлшері шамасында төлем төлеу туралы норма қарастырылған.
Сондай-ақ, Біртановтың айтуынша, халық денсаулығы туралы жаңа кодекс аясында азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр.

«Өкінішке қарай, қазір азаматтар өз денсаулығына салғырт қарайды, көп жағдайда дәрігерлердің араласқанын күтеді. Бірақ, тым кеш болып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан шаралардың дені профилактикаға, соның ішінде, вакцинацияға бағытталған», — деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Заң жобасында, тіпті, денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу де қарастырылған.

«Біз ана мен баланың денсаулығына бағытталған шаралар кешенін ұсынуды жөн көрдік. Атап айтсақ, оларды дер кезінде есепке тұруға ынталандырғымыз келеді. Сондай-ақ, уақытында есепке тұрмайтын, дәрігерге қаралмайтын, екпеден бас тартатындар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсындық», — деді ведомство басшысы.

Қазір бұл ұсыныстардың барлығы талқыланып жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда