jasqazaq.kz

Жүк жоғалып жатыр (Видео)

28 маусым 2022, 10:38

Логистикалық компаниялар алаяқтардың құрбанына айналып жатыр. Әккі айлакерлер еліміз бойынша бірнеше фирманы тақырға отырғызған. Соның кесірінен тасымалдауды ұйымдастыратын серіктестіктер қыруар шығынға баттық дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оксана Сагдыева, Логистикалық компания қызметкері:

— Біз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерді арнайы сайттан тапқан едік. Барлық құжаттарын онлайн тексердік, бәрі дұрыс болған. Сөйтіп тауарды Алматыдан тиеп, Ақтауға жолға шықтық деп мәлімет берді. Оның әр қадамын бақылап отырдық. Бірақ Қызылордаға келгенде таппай қалдық. Байланыс үзілді, содан бері жоқ.

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы логистикалық фирма құны 4 жарым миллион теңге болатын өндірістік генераторды жеткізіп беруі тиіс еді. Алайда, тауардан айырылып, енді тапсырыс беруші алдында қарыздар болып қалды. Алматылық серіктестік те құны 4 миллион теңгеден асатын косметикалық заттарын жоғалтып отыр. Белгілі болғаны, екі фирманы да бір адам тақырға отырғызған. Олар сол азаматтың байланыс телефонын тауып, тілдесіп көрген. Бірақ ол өзінің бұл іске қатысы жоғын, әлде біреулер оның құжатын пайдаланып кеткенін айтып ақталған. Екі дерек бойынша да тәртіп сақшыларына арыз түскен. Бірақ әзірге нәтиже болмай жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

— Қазіргі уақытта жүк көлігінің жүргізушісін анықтау жұмыстары жүруде. Шағымданушының сөзінше, күдікті тауарды Өскеменге жеткізіп беруі тиіс болған. Енді сол азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріліп, содан ары қарай тиісті шаралар қабылданатын болады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр