jasqazaq.kz

Жүк вагонының төбесінде селфи жасаған бала қайтыс болды

28 қараша 2017, 11:05


Қарағандыда жүк вагонына мініп тоққа соғылған 14 жастағы жеткіншек жан сақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz. Тоққа соғылған екінші бала аман қалып, ауруханадан шықты.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, қайтыс болған бала денесінің 63 пайызы күйген.

«Кәмелеттік жасқа толмаған бала қатты күйген, оны аман сақтап қала алмадық. Екінші бала ауруханадан шығарылды, оның денесінің төрт пайызы ғана күйген», — деді Айжан Иса.

Естеріңізге салайық, оқиға 17 қарашада 17:40-та «Қарағанды жолаушысы» теміржол бекетіне барар жолда болған. Екі жеткіншек вагон шатырына шығып, селфи жасамақ болған.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды