jasqazaq.kz

Жүк вагоны өртеніп, бес адам зардап шекті (видео)

14 желтоқсан 2020, 10:43


«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонында өрт шықты. ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  «14 желтоқсанда таңғы сағат 04.30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 айырығы ауданында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнына ТЖ департаменті, Апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ және «ҚТЖ» компаниясыннан барлығы 30 адам, 7 техника және 1 өрт пойызы жіберілді. Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу үшін вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.

«Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», — деді ресми өкіл.
Қазіргі болжам бойынша өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған. Сағат 07.19-да өрт сөндірілді, жүк вагоны толығымен жанып кетті. Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары қызметкерлері өртенген вагонды қоршады, сондай-ақ өрттің мән-жайын анықтау үшін Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру зертханасы жіберілді. Айта кетерлігі, сағат 09.18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе стансасына аттандырылды.

https://www.youtube.com/watch?v=hLd8OrU2f9U&feature=emb_title

 

 

 

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия