jasqazaq.kz

Жүк пойызынан 200-ге жуық ноутбук тонағандар ұсталды

07 қыркүйек 2020, 17:13

Көлік полициясы басқармасының ізкесушілері жүк пойызы вагондарын тонауға маманданған және жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын барлығы 200-ге жуық ноутбук ұрлаған қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сегіз ай бойына тынымсыз жұмыс жүргізіп, төрт адамнан тұратын қылмыстық топты анықтап, ұстады.

— Ұсталғандардың барлығы — Алматы облысының тұрғындары. Бұл қылмыстық топ ҚХР-дан Алматыға бара жатқан жүк пойызының контейнерлерінен жалпы сомасы 15 миллионнан астам теңгені құрайтын 196 ноутбукты ұрлаған, деп мәлімдеді департамент бастығы Оңал Бекиев.

Олар Сарыөзек-Қапшағай учаскесінде екі жылдан бері, яғни 2018 -2019 жылдары ноутбук ұрлап келген. Олар қай вагонда қандай тауар барын алдын ала біліп, тонауға дайындалған. Бұл ақпаратты Достық станциясында жүк вагондарына қызмет көрсететін ұйымның қызметкері болып табылатын осы қылмыстық топтың мүшесінің бірі жеткізіп отырған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер кінәлі деп танылды. Олар кінәсін мойындады.

— 2020 жылдың 27 тамызында Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының үкімімен жоғарыда аталған адамдар қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оларға шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — дейді полиция полковнигі.

Департаменттің баспасөз қызметі биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Көлік полициясы департаментінің жүк пойыздары вагондарындағы ұрлық фактілерін ашу пайызы 90,0% (2019 ж. — 62,5%) құрайды, осылайша қылмыстың ашылу пайызы 27,5 процентке жақсарған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия