jasqazaq.kz

Жүк пойызы 20-дан астам қой-ешкіні қағып кетті

18 маусым 2022, 16:35

Ақмола облысы аумағында жүк пойызы темір жолда жайылып жүрген ондаған малды басып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға «ОП-96-Жайнақ» темір жол өткелінде болған. Жүк пойызының машинисі темір жолда малдың жайылып жүргенін байқап, тежегішті шұғыл басқанымен, тоқтап үлгермейді. 22 қой-ешкі өлген, ал пойыз 22 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.

«Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Мал иесіне ҚР ӘҚК 559-бабы 1-тармағымен темір жол аумағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп мәлімдеді департаменттен.

Айта кетсек, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті пойыздардың шұғыл тоқтауы бойынша 824 факті тіркеген, оның 534-і темір жолдарда малдың жүруіне байланысты болды. 351 мал иесіне әкімшілік шара қолданылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр