jasqazaq.kz

Жүк көліктерін тонайтын қарақшылар пайда болыпты

27 тамыз 2018, 22:19

Шығысқа 90-ы жылдар қайта оралған сияқты. Өскемендегі жүк тасымалымен айналысатын компания өкілдері қарақшылардың құрбанына айналып отырмыз дейді. Қалай дейсіз ғой. Алматыдан артып шыққан тауарларын Талдықорғаннан өткеннен кейін жол торығандар жүк көліктерді түнделетіп тонайды екен. Тіпті қарақшылар өз ойларын тура шым-шытырық кинодағыдай жүзеге асыратын көрінеді. Көліктің ақырын жүргенін пайдаланған ұрылар жүріп бара жатқан жерінен тауарларды түсіріп алып қалады екен. Ал миллиондаған теңге борышқа батқандар құқық қорғау органдарына арызданғанымен әзірге қайран болмай тұр. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Алматы мен Өскеменнің арасында тұрақты жүк таситын жүргізушілердің бірі — Александр Шабалин. Бар азабым миллиондаған теңгенің тауарын мойныма алып, көлігіме артқан соң басталады дейді. Айтуынша, күре жолдың бойында көрмейтіні жоқ. Жолдың нашарлығы мен көліктің бұзылуы жолдағы тонаушылардың жанында түкке де тұрмайды дейді.

АЛЕКСАНДР ШАБАЛИН, жүргізуші:

– Талдықорған мен Үшаралдың аралығында тонайды. Артымыздан жарықсыз көлікпен келіп, тіркеменің үстіне шығады. Жүк көлігі болған соң шуыл қатты ғой. Кейде естілмей қалады. Сондықтан ақырын жүретін жолда біреуіміз жарық шам ұстап, көлік артынан еріп отырамыз. Жолдың нашарлығынан жылдам жүре алмаймыз.

Жүк тасымалдаушылар тонаушыларға тойтарыс беру үшін көлікті мықтап қымтап та көрген. Бірақ бұларынан еш нәтиже шықпапты. Қайта керісінше мұндай бір тіркемені қарақшылар жолда өртеп жіберіпті.

ВИКТОР ТАЙБАЗАРОВ, жүк тасымалдау компаниясының директоры:

– Бұл жерде ештеңе істей алмаймыз. Тек жүргізушілеріміз күндіз ғана жүруге мәжбүр. Жүктің тоналғанын көрген жүргізушіміз полицияға шағымданған екен, қай жерде тонады сол жаққа барып айт депті.

Кеміген тауарлардың құнын қазір компания иелері төлеуде. Тек бір ғана жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкердің үш көлігінен алынған заттардың бағасы тоғыз миллион теңгеге жеткен. Сондықтан да олар барлық дәйекті келтіре отырып, тас жолдағы тәртіпсіздікті тыю үшін талай арызданған. Алайда одан ештеңе өнбепті.

АЛЕКСАНДР БАРАШКОВ, жүк тасымалдау компаниясының директоры:

– Тергеу органдарынан ешқандай ақпарат ала алмаймыз. Олар уақыты өтті деп істі жай ғана жауып тастайды. Біз осы қылмыстық істі ашу үшін көмектесуге дайынбыз. Бірақ бізбен ақылдасып, мәселенің шешілуі үшін қимылдап жатқан біреуі жоқ. Білмеймін. Біреу үшін ары қарай миллиондап шығынды өтей беретін жағдайымыз да жоқ.

Тасымалдаушылар әзірше тығырықтан шығудың жолын тек күндіз жүру арқылы ғана тауып отыр. Бірақ бұл тәсіл жүкті жеткізу уақытына кедергі.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді