jasqazaq.kz

Жүк көліктерін тонағандар ұсталды

28 қазан 2019, 14:41

Алматы облысында жол бойында қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 3 адам жүк көлігінің жүргізушісін қорқытып, ақшасы, телефонын және сөмкесін тартып алған.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қазанда Кербұлақ ауданының полиция бөліміне Volvo жүк көлігінің жүргізушісі белгісіз біреулердің өзін тонап кеткені туралы шағымданған. Тексеру барысынды жүргізушіні қарақшылар Алматы-Өскемен тас жолының 126 шақырымында тонаған. Үш азамат кастетпен қорқыту арқылы жәбірленушінің 105 мың теңге ақшасын, ұялы телефоны мен жеке сөмкесін иемденген. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап күдіктілерді жылдам анықтады. Анықтап қана қоймай аз уақыт ішінде қолға түсіріп, қамауға алды. 32 жастағы бір күдікті Қарасай ауданының тұрғыны болса, қалған 2 азамат Алматы қаласының тұрғындары. Үш азаматтың бірі жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол жүргізушінің бағытын біліп, екі күдіктіні қылмыс орнына өз көлігімен жеткізген. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше қарақшылық дерегі бойынша ҚР ҚК 191-бабына сәйкес тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынып, олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде