jasqazaq.kz

Жүк көлік жүргізушілері: Пара бермесең, күн көрсетпейді

12 наурыз 2020, 10:38

Жүк көлік жүргізушілері: Пара бермесең, күн көрсетпейді Ақша бермесең, алқымыңнан алады! Алматы облысында жүк көліктерінің жүргізушілері наразылық білдірді. Олар: «Көлік инспекциясының өкілдеріне пара бермесең, күн көрсетпейді», — деп отыр. Оған қоса, жүк тиеген машинаны тоқтатқан жерінде таразыға тартып, жүз мыңдап айыппұл салатын көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Ал «ақша алудан аулақпыз» деп ант-су ішкен облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы шамадан тыс жүк артып жүретін жүргізушілердің өзін кінәлайды. Құрылыс материалдарын тасып жан бағатын жүргізушілер жұмысын тоқтатып, жанайқайын жеткізуге жиналды. Жүк таситын 100-ге жуық жігіт көлік инспекциясына «пара бермесең, қыр соңымыздан қалмайды» деп қынжылады. «Бақылаушы органның бассыздығына көне алмаймыз» деген олар көлік комитетінен араша сұрап отыр.

Сайлаубек Байымбетов, жүк көлігінің жүргізушісі:

— Бұрын 30 мың төлеп жүрген – отметка. Енді 80 мыңға көтеріпті. Оған кім көнеді? Артымыздан тырқыратып қуалайды. Біз бөкендер сияқты қашамыз да жүреміз, қашамыз да жүреміз. Осыны тоқтатуды талап етеміз.

Наразы топ инспекторлардың жүк көлігін тоқтатқан жерінде таразыға тартып, салмағын өлшеуі «ақылға қонымсыз» дейді. Кейін олар мөлшерден тыс зат артқандарға 100 мыңдап айыппұл салады екен. «Шыдамның да шегі бар» деген жүргізушілер жүк тасымалдауға қатысты заңдардың кемшін тұстары көп екенін айтады.

Бағдат Ахметов, жүк көлігінің жүргізушісі:

— 25 тонналық көлікке 3 тонна тасуға болады екен. Ал көліктің өзі 15 тонна тартады. Онымен 3 тонна ғана таситын болсақ, шекарадан не үшін кіргізді? Бұлар крандарды ұстап, айыппұл салады. «Шамадан тыс» дейді. Сонда краншылар кранның жебесін кесіп тастап жүрсін бе? Соның бәрінің бір шешімін тауып берсе.

Жүргізушілер тіпті инспекция басшысының өзі қызметтік көлігімен аңдуға көшкенін айтады. Бірақ бұл сөзді жиналғандардың талап-тілегін тыңдауға келген Болат Нұрабаев жоққа шығарды. «Заң аясында жұмыс істейміз» деген инспекция басшысы ережені елемей, көліктің аузы-мұрнын толтырып жүк тиеген жүргізушілерге аяушылық болмайтынын қадап айтты.

Болат Нұрабаев, Алматы облысы көлік бақылау инспекциясының:

— Жүк көлік жүргізушілері бізге бағынбай қашып құтылғысы келеді. Бірақ заңға бағыну керек. Біз тек ереже сақтамағандарға айыппұл саламыз. Алматы облысында үш жылжымалы бекет бар. Олар күнделікті жұмысын атқарады. Пара алған қызметкерлерім болса, көрсетсін, аты-жөнін атасын. Оларды өзім жазалаймын.

Облыстық көлік инспекциясының өкілдері көктемгі су тасқынына орай артық жүк артқан көліктерге бақылау күшейтілетінін айтады. Тіпті соңғы екі айда рұқсат етілген көрсеткіштен асқан жүргізушілерге жүзден астам хаттама толтырылыпты. Бірақ тасымалдаушылар инспекция мамандары асыра жүк тиеген кей көліктерді тоқтатпай, олардың әрекетіне «көз жұма қарайды» деп ашынады. Ал базынасын жеткізген жүргізушілер инспекцияға «жем болмаймыз» деп отыр. Сондықтан олар бұл мекеменің жұмысын құзырлы орган бақылауға алсын деген талап қойды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде