jasqazaq.kz

Жүк көлігінің жүргізушісі жантүршігерлік жол апатына түсті

04 ақпан 2020, 11:45

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар қирап қалған жүк көлігінен 52 жастағы ер адамды алып шықты.

Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
3 қаңтарда 17:00-де Петропавл — Жезқазған тасжолында Бескөл ауданы орталығына жақын маңда ГАЗ 3309 және MAN маркалы жүк көліктері соқтығысты. Ресейде өндірілген көліктің жүргізушісі темір құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар жасағаның жетекшісі Нұрболат Айсин оқиға орнына келіп, ер адамды қалай алып шығуға болатынын ойластырып, өз жұмысына кіріскен.
«Апат-құтқару және гидравлика құралдарын пайдалану арқылы құтқарушылар 20 минутта 52 жастағы Владиславты автокөліктен алып шықты», — делінген баспасөз хабарламасында.

Зардап шеккен ер адам Бескөл ауылындағы орталық аудандық ауруханасында жатыр, оның жағдайы бірқалыпты.

Суреттер СҚО ТЖД баспасөз қызметінен

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия