jasqazaq.kz

Жүк көлігі жанып кетті

29 қантар 2018, 22:53

Ақтөбе облысында жүк тиелген көліктің түгі қалмай өртеніп кетті.От машинаның тіркемесінен тұтанған екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Отқа оранған көліктің жүргізушісінің өзі алғашқыда байқамай қалған. 

Тек айнадан тіркеменің жанып жатқанын көргенде секіріп түскен. Осылайша ол көмекшісімен аман қалды. Ал «DAF» маркалы жүк көлігі Алматыдан Мәскеуге қарай жолға шыққан. Ол жаққа азық-түлік жеткізбек болған. Бірақ тауарларының түгі қалмай күлге айналды. Қазір келген шығын есептеліп, өрттің шығу себебі де тексеріліп жатыр.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды