jasqazaq.kz

Жұбайының жалаңаш видеосын таратқан еркекті полиция телеарнадан алып кетті (Видео)

25 қараша 2021, 12:05

Әйелім жүргіш, көзіме шөп салды, балаларымды ыстық көсеумен күйдіреді деген еркектың былықтары әшкере болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әйелім көзіме шөп салып жүр», деген Артур есімді азамат өз әйелінің жыныстық қатынасқа түскен сәтін видеоға түсіріп, ватсаптағы түрлі чаттарға, одан қалды бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан. Ең бірінші келіншектің анасына қызың жәлеп» деп видео мен жалаңаш суреттерін желі арқылы жіберген.

— 2000 жылғы қызды екінші әйел етіп алды. Қазір ішіндегі баласы 3 айлық. Оны алдырды ма, білмеймін. Бірақ мені әбден қорлап бітті. Бір үйде апалы-сіңілідей болып тұрасыңдар. Екі үй ары тұратын көршіміз екі әйелін бір үйде ұстағаны. Сол сияқты болғысы келді. Бірақ мені неге ұрып-соғып мұншалықты қорлай бересің. Нем жақпай қалды саған, — деп егіліп жылады Артурдың әйелі Дина есімді келіншек.

Ал келіншегінің айтуынша, кінәнің бәрі Артурда екен. Өз әйелін өзі зорлап, оны жасырын камераға түсіріп, ал видеоны басқа номер арқылы әйелінің телефонына жолдап, өзі ұстап алғандай сыңай танытқан көрінеді.

«Суреттегі жігіт басқа жігіт емес, Артурдың өзі. таратып жүрген де өзі, мені зорлап түсірткізді сол кезде, әбден қорлап бітті» дап зар еңіреді экс-келіншегі.

Суретте тыр жалаңаш жатқан әйелдің түрі көрінгенімен жігіттің басы түспей қалған. Сексолог маманның айтуы бойынша, «кукок» деген термин бар. Өз әйелінің басқа еркекпен төсек қатынасында болғанын қалайды. Өзі бейсаналы түрде өз әйелінің басқа еркекпен жатып келгені түрде ол еркек рахат алады, ләззәт алады.

Бағдарлама соңында заңгер өз әйелін қорлап, жеке басына қол сұғу айыбымен 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты. Ақыры Артуды полиция дәл телеарнадан алып кетті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық