jasqazaq.kz

Жуырда ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалуы мүмкін

16 ақпан 2021, 22:00

Жуырда ғана салтанатты түрде ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалуы мүмкін. Себебі, халықаралық деңгейге көтерілеміз деген «Әзірет Сұлтан» әуежайына тіпті отандық «СКАТ» пен «Қазақ Эйр» әуекомпаниялары да ұшып-қонудан бас тартты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ролан Ибрагимов, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

— Негізінде Түркістан әуежайынан үш әуекомпания ұшырылатын. Оның ішінде «Қазақ Эйр» мен «СКАТ» бар. Өкініштісі, «СКАТ» пен «Қазақ Эйрге» сұраныс аз болды. Олардың борты жартылай және 42 пайыз көлемінде толады. Ал «Флай Арыстандікі» – 92-100 пайыз. Сол себептен уақытша ұшырылмайды.

Түркістанға қатынаудан бас тартқан қос әуе компанияның да билет бағасы қымбат. Сондықтан жолаушылар арзан әуе компаниясын таңдайды екен. Жолаушы аз, шығын көп болған соң, әуе рейсін мүлде тоқтату туралы шешім қабылданыпты. Оның үстіне қаңтар айында ауа райы қолайсыздығынан оннан астам рейс ұшырылмаған. «Әзірет Сұлтан» әуежайы 69 миллиард теңгеге салынып, жылына 3 миллион жолаушы қабылдайды деп жоспарланған. Тіпті туристер нөпірі көбейіп, Түркістаннан, Мекке мен Стамбулға әуе рейстерін ашу көзделген. Алайда екі ай бұрын ашылған әуежай шетелдіктер түгілі, отандық жолаушыларға да қажет болмай қалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия