jasqazaq.kz

«Жусан» операциясы: 144 әйел радикалды көзқарасынан бас тартты

29 маусым 2020, 11:59


«Жусан» операциясы аясында террористік белсенділік аймағынан қайтып келген 144 әйел радикалды көзқарасынан бас тартты. Операцияның нәтижесі жайлы халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.
«Министрліктің ендігі үлкен жауапты саласы – дін саласы. Бұл бағытта біздің алдымызда 3 өзара байланысты міндет тұр. Біріншісі – халық арасына зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау, екіншісі – дінаралық келісімді сақтау, үшіншісі – діни экстремизмді болдырмау», — деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде. Министрдің айтуынша осы міндеттерді іске асыру үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. «Бұл – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Өткен 2019 жылы ақпараттық-түсіндіру топтарының күшімен 3 милиондай адамды қамтыған 50 мыңнан астам іс-шара өтті. Дін саласындағы проблемалық сұрақтарға жедел жауап беру үшін 300 адамнан тұратын білікті лекторлар пулы құрылды. Көріп отырғандарыңыздай, жұмыс өте тиімді. Сондықтан осы жылы біз бұл топтардағы мамандардың санын 500-ге дейін арттырып, 1200 лекторды қайта даярлықтан өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді ол. Аида Балаева сонымен бірге «Жусан» операциясының нәтижесінде елге оралған 163 әйелмен мақсатты түрде жұмыс жүргізілгенін, соның арқасында олардың 144-і радикалды ойларынан қайтып, біразы зайырлы өмір салтына өткенін жеткізді. «Әрине, мәселенің салдарымен емес себебімен күресу керек. Сондықтан 2019 жылы 5300-ден аса интернет-ресурс сарапталып, оның 3200-нен заңға қайшы материалдар анықталды. Олардың барлығы дер кезінде бұғатталды. Түптеп келгенде бұл саладағы біз үшін ең маңыздысы – халықтың радикалды ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастырып, елдегі дінаралық қақтығыстардың алдын алу», — деді ол.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі