jasqazaq.kz

«Жусан» гуманитарлық операциясы аяқталды

06 ақпан 2020, 11:42

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков «Жусан» гуманитарлық операциясы кезеңдеріне қатысты түсінік берді.

«Жусан» операциясының барлық кезеңдері аяқталғанына тоқталған ол, «Өздеріңіз білесіздер, Ирактан 14 баланы алып келдік. Әзірге, осы тектес шаралар жоспарланып отырған жоқ, себебі қақтығыс аймақтарында жүрген біздің азаматтар бойынша тиісті жұмыстарды жүргізудеміз. Яғни оларға қатысты бізде толық ақпарат болмай тұр», — деді Н. Білісбеков Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып. Бұдан бөлек, ол жүзден астам Қазақстан азаматы қақтығыс аймақтарында жүргенін, олар негізінен Серия аумағында екенін айтты. «Бұл тұрғыда 36 ер адам, 80-ге жуық әйел қалып отыр, ал балалар бойынша нақты айта алмаймын», — деді ҰҚК өкілі. Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңін қорытындылады. «2019 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала, екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала (18 жетім), үшінші кезеңінде 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала (9 жетім), төртінші кезеңінде 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала (5 жетім) елге жеткізілді. Осылайша, жалпы Сириядан қайтарылғандар саны – 595 азамат (33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім)», — деп хабарланды ҰҚК Youtube парақшасынан.

 ҚазАқпарат 

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия