jasqazaq.kz

Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?

11 желтоқсан 2024, 12:47

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазіргі ақпараттық кеңістіктің қиын жағдайын талдап, кәсіби журналистиканың маңыздылығын атап өтті.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік желілердің алгоритмдері аудиторияны тартуға және платформаларда ұзақ уақыт ұстап тұруға бағытталған. Бұл процестер көбіне сенсацияға, негативті және шок-контентке негізделген. Ал кәсіби журналистер этикалық нормалар мен деректерді тексеру сияқты қағидаттарды ұстанса да, блогерлер мен әуесқойларға ақпарат бәсекесінде есе жіберіп жатыр.

Министр: «Өзіміз көріп отырмыз, кәсіби журналистер көп жағдайда блогерлерден, басқа да әлеуметтік белсенділерден жеңіліп жатыр. Неге десеңіз, журналистік этика, кәсіби принциптер бар. Олар қиын жағдайда журналистің жұмысын шектейді. Кей жағдайда жауапкершілікті сезіне отырып, кәсіби журналистің айта алмаған нәрселері бар. Немесе материалды әзірлеп, фактчекинг жасап, тексеріп, мазмұнын дайындағанша жауапкершілікті сезінбеген кей медиабелсенділер тіркей салады. Ал соңынан зерттелген, зерделенген, тексерілген контент шыққанда көп адамдар оны оқымайды. Өкінішке қарай, жаңалықтың негізгі қағидаты бар. Кім бірінші ақпарат береді соныкі дұрыс дегендей. Сондықтан журналист мәртебесін жоғалтпай, жаңа деңгейге шығаруымыз керек. Қазіргі қиын ақпарат заманында кәсіби, дұрыс дайындалған, этика, зерттеу принциптерін жоғалтпаған журналистерді дайындауымыз керек. Керісінше, солардың әлеуетін, мәртебесін, дағдыларын, біліктілігін жаңа деңгейге көтеруіміз керек», — дейді министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін журналистердің кәсібилігін арттыру, олардың этикалық стандарттарға сай жұмыс істеуін қолдау және олардың мәртебесін жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұны жүзеге асырудың басын, әрине жоғарғы оқу орындарында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудан бастау қажет. Бұл қадамдар тек қана ақпарат сапасын жақсартуға емес, қоғамның шынайы әрі сенімді деректерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Олжас Әбдіхалық

17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді