jasqazaq.kz

Журналист президентті балағаттады

09 шiлде 2019, 12:50

Грузияның Rustavi-2 оппозициялық арнасы журналист Георгий Габунияны 8 шілдеден бастап екі айға эфирден шеттетті.
Оған журналистің 7 шілдедегі эфир кезінде Ресей президенті Владимир Путинді балағаттауы себеп болған. Сол күні кешке телеарна ғимаратының алдына жүздеген наразы жұрт жиналып, таңертең ғана тарасты. Осыдан кейін 8 шілде күндіз Rustavi-2 телеарнасы хабар таратуын алты сағатқа тоқтатуға мәжбүр болған. Грузия президенті Саломе Зурабишвили, Postscript хабарының жүргізушісі Георгий Габунияның айтқанын «арандатушылық» деп бағалады. Осыған ұқсас пікірді Тбилиси мэрі Кахи Каладзе мен Ресейдің сыртқы істер министрлігі де білдірді. Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе Габуниидің әрекетін «арандатушылық және Грузияны тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет» деп бағалады. Грузияның тәуелсіз журналистер одағы – журналистер этикасы жөніндегі хартиясы – Габунияның әрекетін барлық журналистерге қоғамның сенімі мен құрметіне қаяу түсіретін «әдепсіз қылық» екенін мәлімдеді. Тбилисиде Rustavi-2 телеарнасы журналисінің Ресей президентіне тіл тигізуіне қатысты наразылық әлі де жалғасып жатыр. Наразылар журналист Георгий Габуния мен телеарна басшысы Николоз Гварамияның қызметінен кетуін талап етеді.

КТК

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда