jasqazaq.kz

Журналист келіншектің өлімінің мән-жайы белгілі болды

22 қазан 2018, 10:54

Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Hit tv телеарнасының продюсері Әйгерім Мұсаеваның өліміне қатысты мән-жайды айтты.

Келіншектің денесі 20 қазан күні сағат 00.20-да қаланың Түрксіб ауданында Бұрындай көшесі маңындағы теміржол бойынан табылған. «Тепловоз жас келіншекті қағып кеткен. Жеке тұлғасын растайтын құжаттар өзімен бірге болмаған. Сот-медициналық сараптама өткізу үшін мүрде қалалық мәйітханаға жеткізілді. Әйгерім Мұсаеваны туған ағасы таныды. Қазіргі уақытта көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде», — деді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ҚазАқпараттың мәліметі бойынша, 20 қазан күні кешкі 17:05-те Алатау ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, бір күн бұрын отбасылық кикілжіңнен соң 27 жастағы әйелі Әйгерім Мұсаева үйінен кетіп қалғанын айтқан. Екі баланың анасы Hit tv арнасында продюсер болып жұмыс істеген. Мұның алдында журналистің әріптестері Әйгерімнің жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желіде жазып, көмек сұраған еді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде