jasqazaq.kz

Журналист болғым келеді!

09 шiлде 2021, 10:00

Мен алар асуы көп жай ғана қазақтың қызымын. Бал дәурен бала кезден армандап, биік мақсат қойып, жарқын болашаққа сендім. Ендігі кезекте сол армандарымның орындалуына септігін тигізетін үлкен есік ашылмақ.

Журналистиканы қиындығымен қызығы көп, ізденісті, шеберлікті қажет ететін, ақпарат пен дәлдікке, көркемдікке негізделген мамандық деп білемін. Дегенменде халық алдында жауапкершілігі мол мамандық.

Бұл мамандықты таңдағанда арқаңа жауапкершілік ілінгенін сезінесің. Қазіргі таңда қай өркениеттің болсын қоғамы білікті журналист мамандарға зәру.

Тәуелсіз Қазақстаным үшін де шындық пен әділдікті қатар ұстап, елім деп еңбек ететін мықты маман қажет екені сөзсіз де ұғынықты. Қоғамды алға сүйрейтін — журналистер деген халық ауыз сөзі бекер емес. Өзім — өзім дейтін, сағат өлшеп жұмыс істейтін адам емес, елім дамысын деп бар күш қайратын салатын маман нағыз өз жұмысының иесі деп білемін.

Өзім де сондай журналист болуды, көз бен сөзге ілінбеген мәселелерді су бетіне шығарып шешімін таба алатын маман болуды мақсат етемін. Өзім оқуды армандайтын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлының: «Егер жауынгердің бір оғы бір ғана адамды өлтіретін болса, журналистің байқамай айтқан бір сөзі миллиондардың рухын сындыруы мүмкін. Болмаса, керісінше, журналистің бір сөзі миллиондардың рухын көтеруі мүмкін»- деген сөзі үнемі ойымда жүр.

Ісі тиянақты, халық мақтан ететін журналист кемде кем. Тың мәлімет, жан-жақты сараптама, жаңа көзқарас пен мәселенің орынды шешімін табу үшін қызмет ететін, қоғамға айтарлықтай үлкен жаңалық әкелетін тұлға болып қалыптасамын.

Ауырлығымен жеңілдігі тең берілген мамандық. Жұмыс жасап жүріп демалатын мамандық. Әрине әр нәрсе үлкен талпыныс пен шын сүйіспеншіліктен туындайды. Әлемнің небір ұлы тұлғалары жайдан жай ондай атаққа ие бола салмады. Көк тәңірден сұрап алып атақты болған тұлға жоқ. Бәрі маңдай термен келген істін жемісі. Аққан терлері қазіргі таңда ішіп отырған асының құны.
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзін аманат етіп қабылдап, еліме бір пайда тисін деп бар күшімді сарп етуге дайынмын. Елімнің мақтап ететін азаматы, білікті журналисі болып отыруды нәсіп етсін.

 

 

Аружан Қыдырғазықызы

Алматы облысы Алакөл ауданы

Достық ауылы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия