jasqazaq.kz

Жөргекпұлды алып қашып кетті

29 сәуiр 2019, 11:27

Жеті келіншекті алдап кеткен Рамиль Байранбаевты заңсыз әйелдері сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz сайты «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Рамиль Байрамов есімді 31 жастағы азамат 7 келіншекті күйемін, сүйемін деп алдап, бала тудырған соң жөргекпұлын жымқырып, жоқ болып кеткен.

Солардың бірі — Әнел Оразбаева. Алаяқтан туған 1 жас 2 айлық Эмиль есімді ұлы бар.

«Рамиль мені қиын жағдайда қалдырып кетті. Көп адамға қарызбын. Жұмыс істеп, соны төлеп жатырмын. Ақшаның бәрі балаларына емес, қарызға жұмсалады. Мен үшін ең ауыр кезең күз бен осы қыс болды. Тіпті, мына балама бесік арба мен төсегін алып бере алмағандықтан, мейірімді жандар көмектесті. Баламның әкесі үшін, бақытты отбасы болу үшін бәрін құрбан еттім. Бірақ, алаяқтығын дәлелдей алмадым», — деді келіншек.

Гелендваген мінген Рамильдің сұлулық салонына жеткізіп салғанын, жолда танысуға ыңғай білдірмегенін айтады Әнел. Алайда қажет жерге жеткенде телефон нөмір алмасып, сол күні-ақ жаза бастаған. Бір апта уақыттан кейін кездесіп, өзінің жан-жақтылығымен, тез шешім қабылдайтын ақылдылығымен қыздың жүрегін жаулап алады. Анель азаматтық некедегі жарынан дүниеге нәресте келетін кезде ғана күдіктене бастаған.

Бұл жағдайға қоғам белсендісі Ерлан Дәуітов пікір білдіріп, қыздың да жігіттің жағдайына қызыққанын айтты.

«Қазіргі таңда қаншалықты қымбат көлігің болса, соншалықты қыз баланы жігіт қызықтырады. Гелендваген деп айтып отыр. Демек бұл кісінің өзінде оның байлығына қызығушылық болды. Соңынан өзі қалай алданғанын білмей қалды», — дейді Ерлан.

Ал «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық» қызметкері Салтанат Мусеитова оқиғаға психологиялық тұрғыдан баға берді.

«Альфонстардың портреттеріне тоқталар болсақ, олар манипуляцияға жақын келеді. Бастапқы қарым-қатынас жасалған кезде жылы сөздермен көңілін аулап, кошемет сөз айтып бастайды», — дейді.

Анасын, қызы мен қарындасын қатты қадірлейтінін айтып, сенімділік туғызатын еркек Әнелден 4 миллион, Юлия Никулинка есімді азаматшадан 1 миллион, Әнеля атты 21 жастағы қыздан 750 мың теңге жымқырған.

Рамильден 2 жастағы баласы бар Юлия Никулинка 2015 жылы әлеуметтік желіде танысқанын айтады. Жарты жыл уақыт телефонмен сөйлесіп, артынша кездескен. Рамиль әкесінің қайтыс болғанын, анасының жол апатынан ауруханада жатқанын айтып, бизнес бастауға 200 мың несие алып беруін сұраған. Ал Юлия бетін қайтарғанда, қысым көрсеткен көрінеді. Алайда, келіншектің әкесі қайтыс болғанда жылулық танытып, оны да сан соқтырған

Рамильдің Анель мен Юлиядан туған қос ұлының туыстығы ДНҚ сараптамасы арқылы дәлелденді. Алайда, анасын жымқырған әкелерін балалардың енді көруі екі талай. Бірден алты баланың әкесі атанған Рамиль Байрамбаевтың қазір қайда жүргені де белгісіз.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты