jasqazaq.kz

ЖОО түлектерінің 70 пайызын жұмысқа орналастыруға міндеттелмек

02 наурыз 2022, 17:24

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің кеңейтілген алқа мәжілісінде жоғары оқу орындарын түлектерді жұмыспен қамтуға міндеттеу туралы тапсырма берді.

«Жоғары оқу орындарының жанынан түлектерді жұмысқа орналастырумен айналысатын мансап орталықтарын ашуды тапсырамын. Біздің мақсатымыз – кем дегенде түлектердің 70 пайызын жұмысқа тұрғызу», — деді вице-Премьер. Сондай-ақ ол «Бақытты отбасы» жобасын бүкіл өңірлерге таратуды тапсырды. «Бақытты отбасы» жобасын көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған аналарды қолдау және жетектеу орталығы ретінде дамытуды тапсырамын. Мұндай жобалар қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Қарағанды облыстарында іске асырылып жатыр. Соның басын біріктіріп, мұқият қарастыру керек. Орташа есеп жасап көрдік. Бұл бізге жыл сайын бкіүл өңірлерде 20 мың көпбалалы ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді», — деді Ералы Тоғжанов.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр