jasqazaq.kz

ЖОО қызметкерлері Президенттің Қазақстан Халқына жолдауын толық қолдайды

02 қыркүйек 2020, 16:21

Мен үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың ағымдағы 2020 жылы 1 қыркүйекте жасаған Қазақстан халқына жолдауы әсерлі болды. Бұл жолдауда еліміздің 2050 жүйелі даму жоспарына сәйкес тыныс тіршілігінде уақыт талабына сай халықтың ойында жүрген, бірақ тек Республика Президентінің заңды өкілетті пәрменімен ғана нұсқау жасап қадағалауы арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін жайларды дәл баса айтып, Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Дәлірек айтсақ, мен өзім еліміздің Білім және ғылым саласында қызмет жасаудағы маман азаматтардың бірі ретінде айтарым Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың табысынан бекітілген заңнамаға сай Еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына бөлуге тиісті 1%-дық қаржылық салымдарын еліміздің осы бағытта дамуға жауапты салалық органдарына аударуды тапсырып міндеттеуі орынды болды. Себебі осы күнге дейін мемлекет бизнеске сенім артып, қаржы-экономикалық қана преференция емес, сонымен қатар өз өндірісін технологиялық тұрғыдан дамытуға бағытталған салалық ғылыми-технологиялық саясатты жүргізу мүмкіндігін бергені баршамызға аян. Сол арқылы Бизнеспен Үкімет бірлесе отыра еліміздің индустриясын дамытуға және ақылды экономиканы әіптестік форматта жеделдете тұрғызуға пәрмен берген. Бірақ, қазіргі таңда мұндай форматта жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижелері мемлекеттіңде және елдіңде көңілінен толықтай шықты деп нақты айту асығыстық болатындығы аян мәселе. Сондықтан, Бизнестің салалық тұрғыдан ғылыми-технологиялық сұранысымен отандық және шетелдік білім мен ғылым саласының әлеуетін ұштастыра отырып Мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты жүзеге асыруды толықтай жауапты құзыретті арнайы органға жүктелуі дұрыс шешім деп менде сенемін. Ал жұмысты үйлестіру мен салалық мақсатты жоғары нәтижеге қол жеткізу сол бизнеспен мемлекеттің ғылыми-технологиялық саясатына жауапты мекеменің жауапкершілікті және тиімді механизмдерді бірлесе жасақтап жүзеге асыруларына тікелей байланысты болмақ.
Осылайша Мемлекет басшысы ретінде Қ.Тоқаевтың саяси ерік-жігер танытып, еліміздің ғылыми-технологиялық саясатын Бизнеспен Үкімет арасындағы практикадағы алшақтықты жақындатуға және оны синхрондау арқылы мемлекеттің нақты мүдделі мақсатына жұмылдыруы Халықты еститін Үкімет моделін жасаудағы Білім, Ғылым және Бизнес үшін маңызды қадам болды. Ол тек ресми рәсімделіп айтылғын ғана мәселе емес деп ойлаймын. Себебі бұл тапсырма, еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін индустрияны сапалық тұрғыдан Бизнеспен Білім-Ғылым саласының бірлесе отырып келесі деңгейге көтерудің жүгін жүктеген ауқымды тапсырма екендігін бүкіл Ел дұрыс түсінді. Нәтижесінде бұл бағыттағы жұмыстар жаңа қарқынмен ғылыми-техникалық субъектілерді бәсекелестік шартында мақсатты қаржыландырып, кәсіпорындарды технологиялық модернизациялауға қол жеткізуге, сол арқылы қосымша салықтық салмағы жоғары өнім өндіруге және адамдардың еңбек өнімділігін айтарлықтай деңгейде жүйелі түрде арттырадындығы сөзсіз. Нәтижесінде, бұл жұмыстардың барлығы Индустриалды дамыған, ақылды экономикасы бар Жаңа Қазақстанды қуаттандыруға бағытталған.

Тасибеков Х.С.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Химия және химиялық технология
факультетінің деканы,
ҚазҰЖҒА корреспондент-мүшесі

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық