jasqazaq.kz

Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

04 қазан 2019, 17:04

Алматыда «Bank RBK» АҚ қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған экс-банкир Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Жомарт Ертаев 15 желтоқсанға дейін қамауда отыратын болды. Еске салайық, Ж. Ертаев 2018 жылдың мамырында Мәскеуде Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталды. ҚР ІІМ ақпаратына сәйкес, ол ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі бола отырып, жалған ЖШС-ның 80 млн АҚШ доллары сомасында банктен қарыз алуына ықпал еткен. Сондай-ақ, қарызды қайтармау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асырды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ, онымен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен қатардағы қызметкерлері — бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов, тағы басқалар күдікке ілінген.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда