jasqazaq.kz

Жомарт Ертаевты Астанаға алып келді

15 наурыз 2019, 10:44

Қазақстан Бас прокуратурасы қызметкерлері Жомарт Ертаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Бұл туралы ведомство сайтында жазылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Былтыр наурызда оған халықаралық іздеу жарияланған. «Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдалана отырып, BANK RBK АҚ-дан 144 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері. Сондай-ақ, ведомстводағылар Ертаевпен бірге ақша жымқырды деп 54 адамнан, оның ішінде 41 топ-менеджер мен банк қызметкерлерінен күдіктеніп отыр. Олар мұның алдында экстрадицияланған Ибрагим Б., Мәженов И., Туғанбай Д., Едігенев Д., Мамырбеков А., Шарипов Т. және басқалар. Тергеу барысында қабылданған шара нәтижесі бойынша, 15 миллиард теңге өтелді және 48 миллиард теңге тұратын мүлік тәркіленді. «Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар іс бойынша тергеуді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр», — деп толықтырды Бас прокуратура өкілдері. Жомарт Ертаев Астананың тергеу изоляторына қамалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде