jasqazaq.kz

Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

06 қантар 2020, 15:10

Экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK банкіндегі жымқыру ісі бойынша басты сот тыңдауында өз кінәсін мойындады. Оған қаражат жымқыруды ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастыру бойынша айып тағылған. «Толық мөлшерде кінәмді мойындаймын», — деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін. Айта кетейік, осы істе 46 эпизод пен 700 том бар. Айыптау актісі 3600 парақтан тұрады, бірақ прокуратура тек 280 бетін оқыды. Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталды. Тергеу мәліметінше, қылмыс 2011-2017 жылдары аралығында жасалған. Сотталушылар саны — 37, олар осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген. Негізгі фигурант — бұрынғы банкир Жомарт Ертаев. Сондай-ақ, осы іс бойынша Bank RBK бұрынғы басқарма төрағалары Игорь Мажинов және Марпу Жакубаева бар, сонымен қатар Qazaq banki акционері Бахыт Ибрагим де бар. Жомарт Ертаев 2018 жылы қарашада Мәскеуде ұсталды және қамауға алынды. Сондай-ақ, ол босқын статусынан айырылды. Ұсталғаннан кейін, Ресейдің Бас прокуратурасы қазақстандық кәсіпкерді Қазақстанның құзырлы органдарына тапсыру шешімін қабылдады. Сол кезде адвокаттар қамауға алуға шағымданған, алайда сот үкімді өзгертусіз қалдырды. Кейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Ертаевты Ресейден экстрадициялады.

Тengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде