jasqazaq.kz

Жолға шығып кеткен «Көкпаршылар» кешірім сұрады (видео)

04 наурыз 2020, 17:44

Алматы облысында жол бойында «Көкпар» тартқандар жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде көкпар ойнағандардың видеосы тараған болатын. Видеода Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінде жол бойында 20-25 адамнан тұратын бір топ адамның «Көкпар» ойынын ұйымдастырғаны көрінеді.

Полицейлер Көктебі және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында “Көкпар” ұлттық ойыны өткенін анықтаған.

https://youtu.be/cShw7t7BB1Q

Іс- шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғандығы белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілгендігін атап өткен жөн.

Полицейлердің мәліметінше, қазіргі уақытта «Көкпар» ойынын ұйымдастырған Алматы облысы Рахат ауылының 1998,1997,2000,1992 жылғы тұрғындары ұсталды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де адамдар анықталып жатыр деді полицейлер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде