jasqazaq.kz

Жолды тазаламаған «ҚазАвтоЖол» басшылары жауапқа тартылды

08 қантар 2020, 11:49

Қостанай облысында жолдарды уақытылы тазаламаған «ҚазАвтоЖол» ЖШС өңірлік филиалының лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды. ҚазАқпарат бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдағы қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен және «ҚазАвтоЖол» ЖШС өкілдерімен бірлесіп күн сайын автожолдарда тексеру жүргізеді. «Автожолдарды тексеру барысында кемшіліктер анықталды. Әсіресе, жол жиектерінде қар үйінділері көптеп жиналған. Мемлекеттік стандартқа сәйкес жолдарды уақытылы тазаламағаны және автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жөніндегі талаптарды, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін орындамағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ЖШС-ның жауапты тұлғаларына әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды», — деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді