jasqazaq.kz

Жолды су шайып кетті

12 сәуiр 2021, 18:44

Әулиекөл-Жолдама» күре жолы учаскесінің жарым-жартылай бұзылуы жөнделіп, ондағы қозғалыс қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облысы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство басшысының орынбасары Болат Сейдахметовтің мәлімдеуінше, өткізу құбыры істен шығып, жолдың бір бөлігі опырылып түскен.

«Біз жолды қалпына келтіріп, учаскедегі қозғалысты аштық. Онда арнайы белгілер орнатылып, мердігер ұйымдар кезекшілік атқарып отыр. Сондай-ақ, Қостанай ауданындағы Садчиковка мен Сергеевка арасындағы жол учаскесінің жиегі шайылып кеткен, ондағы биіктік 4 метр болды. Қозғалыс 11 сәуірде қалпына келтірілді. Мердігер ұйымдар ол жерге құм әкеліп төкті», — деп атап өтті ол.

Қазіргі кезде бұл учаскелерде бақылау жұмыстары жүргізілуде. 12 сәуірдің таңында жергілікті және облыстық маңызы бар барлық жол учаскелері ашылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия