jasqazaq.kz

Жолдау: 2019 жыл — Жастар жылы

05 қазан 2018, 14:36


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтты.

Baq.kz  жазғандай, «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды жүзеге асыру үшін қоғамның ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болады. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді», — деді Елбасы.
Назарбаев жоғарыда аталған бағдарламаға қосымша елімізде «5 әлеуметті бастама» жарияланғанын және бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның айналасын жаңа мазмұнмен, жаңа бағытпен кеңейту қажеттілігін атап өтті.
«Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», — деді Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде