Жолдау-2020 Президент тапсырмалары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі»
Жолдауы 1.09.2020 ж.
Айтылды:
«2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне береді. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, осы жылдың соңынан дейін барлық қажетті нормативтік- құқықтық актілерді қабылдап, дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын».
Орындалды:
– 16075 қарыз алушы бұған дейін банктерден тұрғын үйлері үшін алған жалпы сомасы 62 миллиард 41 миллион теңге ипотекалық қарызын толық өтеді.
– 47133 қарыз алушы жалпы сомасы 144 миллиард 53 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарының бір бөлігін өтеу
үшін біржолғы зейнетақы төлем жүйесін пайдаланды.
– 8889 қарыз алушы банктерден жалпы сомасы 150 миллиард 361 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарын алу үшін алғашқы жарна ретінде біржолғы зейнетақы төлемі қаражатын пайдаланды.
– Банктер бойынша ең көп қарыз алушы «Отбасы банк» акционерлік қоғамында тіркелген. Олардың жалпы саны – 37228.
Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану арқылы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша берілген жаңа тұрғын үй ипотекалық қарыздарының мөлшері – 125 миллиард 29 миллион теңге.
– «Сбербанк» АҚ ЕБ – қарыз алушылар саны бойынша екінші орында. Олардың жалпы саны – 11483. Одан кейін «Қазақстанның Ұлттық Банкі» акционерлік қоғамынан – 9488 және «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамынан – 8432 адам қарыз алған. Аталған банктерден біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану арқылы жаңадан алынған тұрғын үй ипотекалық қарыздарының мөлшері – 23 миллиард 167 миллион теңге.
Айдос ҚҰСАЙЫНҰЛЫ