jasqazaq.kz

Жолда жаға жыртысқандар ұсталды

22 қазан 2018, 16:47

Алматыда жолға таласып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген жүргізушілер ұсталды. Тәртіп бұзушылық туралы видео Инстаграм желісінде жарияланды. Райымбек пен Назарбаев даңғылы қиылысында «Нисан Максима» көлігі мен «Мерседес» көлігінің жүргізушілері жолға таласып қалған.

Жүргізушілер жол ортасында кептеліс тудырып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Жолаушылар олардың тапанша және пышақ алып жүгіргенін айтқан. Алайда, олардың қолында тапанша мен пышақ емес, аэрозоль баллоны мен баллон кілті болған.

Қалалық полиция департаментінің Жетісу аудандық ІІБ қызметкерлері жолда төбелес шығарған жүргізушілерді ұстады. Алайда, бұл дерек туралы полицияға ешкім хабарласпаған. «Төбелеске көшедегі адамдар араласып, ажыратып алған. 102 нөміріне қоңырау түспеді.

Бұл жайт туралы полиция тек әлеуметтік желіден көрген. Полиция бұзақыларды көп ұзамай ұстап, сұрақ-жауап алды. «Нисан Максима» жүргізушісі 27 жастағы Сұрамысов А баллон кілтін пайдаланса, 28 жастағы Сұлтанали Д «Премьер-4» аэрозольді пирамеханикалық баллонымен қаруланған. Аталған заттар іске дәйекзаттары ретінде тәркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабымен тергеу ісі басталды», — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде