jasqazaq.kz

Жолда қалған жолаушылар құтқарылды

03 қантар 2019, 12:47

Қарағанды облысында жолда қалған 23 адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оның айтуынша, бүгін таңертеңгі сағат 09-00-дер шамасында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында «Қызылорда-Павлодар» автожолының 682-ші шақырымында, Ақтүбек ауылынан 40 шақырым жерде «Sanos» маркалы жолаушылар автобусы бұзылған. 23 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Төтенше жағдайлар комитетінің «Ақтүбек» тас жолындағы медициналық-құтқару бекетінің мамандары құтқарған.

«Ақтүбек» құтқару бекетіне жеткізілген жолаушылар медициналық көмекті қажетсінген жоқ. Автобус «Ералиев ауылы-Қарағанды» бағытында кетіп бара жатқан. Сағат 09-30-да барлық жолаушылар жолшыбай көліктермен діттеген жерлеріне аттанып кетті», — деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер