
Полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматының денесін Қарабұтақ медициналық-құтқару бекетіне жеткізген.
«5 қараша күні сағат 06:40-та полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматын медициналық-құтқару бекетіне жеткізді. 63 жастағы Хучамурод Баеновтың өлім себебі анықталып жатыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі анықталмады. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобус ішінде болған. Автобус іші жылы, үсіп кетуі мүмкін емес», -деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Автобус Ырғыз ауданы маңында жолдың ашылуын күтіп тұрды.