jasqazaq.kz

Жолда қалған адам үсіп өлді

20 ақпан 2020, 16:38

Ақмола облысында боранда адасып көз жұмған елорда тұрғынының мүрдесі көлігінен 5 шақырым жерден табылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ақпанның 19-да Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны хабарласып, 53 жастағы танысы «Nissan Patrol» көлігімен Новокубанка және Белое озеро ауылдарының арасында қарға батып қалғанын айтқан. «Ер адамды құтқаруға полиция, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындардан құралған арнайы іздеу тобы және арнайы техника мен қарда жүруге арналған көлік жұмылдырылды. Нәтижесінде ақпанның 20-да ер адамның денесі көлігінен 5 шақырым жерден табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қар құрсауында қалған көлігін тастап, жаяу жақын маңындағы елдімекенді іздеуге шыққан», — деді ведомстводан. Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға қолайсыз ауа райы, боран кезінде елді мекеннен тыс жерлерге, жолға шықпау жөнінде ескертеді. Төтенше жағдай бола қалған кезде «112» және «102» телефон нөмірі арқылы құтқару қызметіне хабарласу керек.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия