jasqazaq.kz

Жолда қалған 50-ден астам адам құтқарылды

29 қантар 2019, 11:24

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 50-ден астам Тәжікстан және Өзбекстан азаматын құтқарды. Олар мінген автобус қатты аяз салдарынан бұзылып, жолда қалып қойған, деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Түркістан облысынан Ресейдің Екатеринбург қаласына бара жатқан «Van hool» автобусы Петропавл қаласына кірер жолда тоқтауға мәжбүр болыпты. 54 Тәжікстан және Өзбекстан азаматы тым жеңіл киінген болса керек. Шетелдіктердің қатты аязда тоңып қалуы мүмкін еді, бірақ тоқтап тұрған автобусты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аға сержанттар Саят Дүйсенбин мен Ерлан Тайланов байқайды.

«Полицейлер жүргізушіге техникалық қызмет көрсету станциясының шеберін табуға, қосалқы бөлшектер дүкенін аралауға көмектесті. Жолаушыларға үй жалданып, олар көлік жөнделгенше сонда күтіп отырды. Үш автопатруль күндіз-түні автобустың қасында күзетіп тұрды. Келесі күні көлік жөнделіп, жолаушылар сапарын жалғастырды», — деп мәлімет берді полиция.

Аяз күндері 15 жолаушы мінген «Scania» автобусы да жолда бұзылып қалыпты. 15 адамның сегізі кәмелеттік жасқа толмаған балалар екен.

«Бұл хабарды естіген Аққайың және Тайынша аудандарының автопатрульдері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, автобус иесіне хабар беріп, балаларды Тайынша аудан орталығына алып барды. Тайынша ауданы әкімдігінің көмегімен жолаушыларды жергілікті қонақүйге орналастырып, автобус жөнделген соң, жолға шығарып салды», — деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты СҚО полицейлері қала сыртындағы патруль жұмысын күшейтті, олар ахуалды тәулік бойы бақылауда ұстап, жүргізушілерден сұрастырып отырады және кез келген сәтте төтенше жағдайдың алдын алуға дайын.

Дереккөз: sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде