jasqazaq.kz

Жолда қалған 15 жүк көлігі мен оның жолаушылары құтқарылды

30 қантар 2021, 13:59

Алматы облысында жолда қалған 15 жүк көлігі мен оның жолаушылары құтқарылды. Оқиға республикалық Үшарал-Достық жолында болды.

Қазір аталған учаскеде жол жабық. Боран соғып, жол көрінбейді. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда қалған көліктер Достық бекетінен шығып Үшаралға қарай бара жатқан. «Олар жол жабылмай тұрып, шығып кеткен. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 29 қаңтар күні сағат 22:30 Үшарал- Достық бағытындағы трасса жабылды, онда барлық көлік түріне жүруге болмайды. Бүгін 30 қаңтар күні жолда қалған 15 жүк көлігі және көлік салонындағы 20 адам қар құрсауынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ»,- делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. Аталған ведомствоның өкілдері, жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ескерту хабарламаларға құлақ асып, ауа-райы болжамымен танысып алуды сұрайды. Сонымен қатар, жолда қалған жағдайда 112 номеріне қоңырау шалу керектігін еске салады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде