jasqazaq.kz

Жолда кері жүрген Gelandewagen жүргізушісіне айыппұл салынды

10 қыркүйек 2019, 10:35

Алматылық 22 жастағы «Gelandewagen» жүргізушісіне көлікпен артқа жүргені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы полициясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Алматылық жас жүргізушіге полиция бірден үш хаттама толтырды. Әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды. «Әдетте, жол ережелерін бұзатындар бұған алдын ала дайындалады. Жас жігіт өзінің көлігіне жалған нөмір белгілерін орнатқан. Осы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 3-тармағына сәйкес 15 АЕК айыппұл төлеуі тиіс. Жалған нөмірлі көлікті басқарғаны үшін 20 АЕК айыппұл немесе 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылады. Қазір бұл өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді», — деді АП Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев. Бұдан бөлек, жүргізушіге көлігін артқа айдағаны үшін үшінші хаттама толтырылды. Жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін ол 10 АЕК айыппұл төлейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде