
Қостанай соты «Тұлпар-Тальго» пойызында қыз зорлады деп айыпталған екі жолсерікке қатысты жаңа үкімді шығарды.
Үкім бүгін, 25 желтоқсанда №2 Қостанай сотында шығарылды.
Сот жолсеріктерді кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Олар жазаларын қауіптілігі орта деңгейдегі колонияда өтейтін болады.
Үкім оқылғаннан кейін жолсеріктердің туыстары шу шығарған. Олар бұл шешімді әділ деп санауға болмайтынын, айыптаушылардың жеткілікті дәлелдері жоқ екенін мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.
Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекетінің құрбаны болған еді.